Қызылорда қаласында аз уақыттың ішінде он бір пәтерді тонады деген күдікпен 23 жастағы қыз ұсталды. Жап-жас күдікті барлық қылмыстарды күндізгі уақытта істеген, деп жазады 31 телеарна.
Жалғыз жортқан бойжеткен өз ісін осылай көрсетеді. Ол ауқаттылардың баспанасындағы пластик терезелерді оп-оңай ашып, үйге еркін кіріп кетеді екен. Содан кейін ондағы бағалы заттарды қолды қылған. 23 жастағы күдіктінің жәбірленушілерге келтірген шығын көлемі 2 миллион теңгені құрайды. Бүгінде осы іске байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.
Гүлжахан Қайырбергенова, Қызылыорда ОІІД баспасөз хатшысы:
- Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде. Айғақ заттар алынып, азаматшаның тағы да осындай фактілерге қатысы анықталу үстінде.
Фото: Kriminal News