Қарағанды облысында белгісіз біреулер төбеттерді атып, терісіне дейін жұлып қорлаған. Айуандықпен өлтірілген үй жануарларының жалпы санына арнайы мамандар да жете алмай отыр, деп жазады 31 телеарна.
Адам қолынан өлген иттер, міне. Олардың кейбірін атып өлтірсе, өзгесінің құлағын кесіп, терісіне дейін жұлып азаптаған.
Әзірге осындай қорлыққа тап болған төбеттердің нақты саны белгісіз. Қарағандыда жануарларды қорғайтын арнайы ұйым жоқ. Ал тәртіп сақшылары осы мәселемен оларға тек арыз түссе ғана айналысады екен.
Сондықтан өлекселелерді көмуді қарағандылық еріктілер өз мойындарына алды. Қазір олар жақында ғана белгісіз біреулер атып өлтірген екі иттің бірінің күшіктерін іздеуде.
ИННА РАДЧЕНКО Еріктілер тобының мүшесі:
- Күшіктерді анасы бетонның астына тығып кеткен. Осылайша балаларын құтқарып қалды деп ойлаймыз. Қазіргі кезде олар тірі, біз тамақ апарып, оларды сол жерде алып шығудың амалын жасап жатырмыз.
Фото: akimzyrian.gov.kz