Рудныйда 12 жастағы қыз асылып қайтыс болды

Қайғылы оқиға 2 наурыз күні болған.
Рудныйда жасөспірім қыз өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды. Бұл туралы stan.kz, iagorod.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

12 жастағы қыз қаладағы №4 мектеп-лицейдің 7-сыныбында оқыған. Мектеп басшылығы да оқушының қазасы туралы мәліметті растады. Ол хоккей үйірмесіне қатысқан екен.

Қайғылы оқиға 2 наурыз күні болған. Алдын ала деректер бойынша, оқушы қыз мұндай ауыр қадамға әлеуметтік желідегі психологиялық ойындар әсерінен емес, махаббатқа байланысты барған.

Алайда қалалық білім басқармасы оқушы өлімінің ресми себебін жарияламады.

Фото: stan.kz

Следите за новостями zakon.kz в: