. Оңтүстікте Африка балығы өсірілуде. Төлебилік ұстаз әдетте ыстық аймақты қалайтын Африка лақасын бұлақтың суында өсіріп жатыр. Отбасының күнкөрісін көздеген педагог шабақтың санын көбейтіп, шаруасын дөңгелетін әкетудің қамына белсене кіріскен, деп жазады otyrar.kz.
Африканың жыртқыш балығы әдетте ыстық жерлерде ғана кездеседі. Дегенмен, осынау су жануарына мына шағын шаруашылықта қажет жағдайдың барлығы бар. Хауыздардың астына жылу жүйесі жүргізіліп, бабы әбден жасалған. Тамақтың өзін талғаммен жейтін балықтардың қорегіне де аса ден қойылады екен.
Самадилла Темірбеков, кәсіпкер: “Балықтардың аш не тоқ екенін олардың көңіл-күйінен-ақ аңғаруға болады. Тоқ болса, жүзеді, бір-бірімен ойнайды. Қазіргі қалпы олардың аш емес екенін білдіреді.”
Хауыздағы мыңдаған балық күніне 50 келіге дейін ет жейді екен. Африка лақасы өзге балықтар сияқты жемге қарағанда ет жегенді жақсы көреді екен. Оның өзі майлы болмауы керек. «Тіпті кейбір күндері қомағайланған балықтар тоймай жатады» дейді қараушылар.
Сержан Дүйсебаев, Төле би ауданының әкімі: “Бізде Бадам өзені бар. Сол жерде кәсіпкер бахтах шаруашылығын қолға алмақ. Оған 1 млн доллар қажет екен.”
Ұстаздың осылайша, Африка балығына деген қызығушылығы кәсіпке ұласқан. Лақа жайлы мәліметті интернеттен оқыпты. Ісін дөңгелетуге жергілікті кәсіпкерлік мектебінің көмегі тиген. Қазір үй іргесіндегі хауызда 11 мың шабақ өсіп жатыр.
Мақпал Рысбаева
Фото: Otyrar.kz