Қызылқоғада тағы бруцеллез шықты

Аудан бойынша бүгінде 3 453 ірі қара мен 30-дан астам қой-ешкіден қан алынған.
Қызылқоға ауданында малдан кезекті қан алу барысында бірнеше ірі қарадан бруцеллезге оң әсер берушілік анықталды, деп жазады "Ақ Жайық" газеті.

Аудан бойынша бүгінде 3 453 ірі қара мен 30-дан астам қой-ешкіден қан алынған. Соның ішінде 63 ірі қарадан бруцеллез табылған. Әсіресе, Миялы ауылы (17 ірі қара) мен Мұқыр ауылында (12 ірі қара) көп кездесіп отыр.

- Бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда төмендеу, бірақ, алаңдауға негіз бар және біз тиісті шарасын алуымыз қажет, - дейді Қызылқоға аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Серікбай ЛАТИЕВ. – Ол үшін ауру малдарды 15 күн ішінде өзгеден оқшаулауымыз керек. Малдың қанын лабороториялық тексерістен өткізу кезең-кезеңмен атқарылады. Аудан бойынша 28 мың ірі қара, 156 мың қой-ешкі, 1 200 түйе тексерістен өтуі қажет.

Ләззат Қаражанова

Фото: azh.kz
Следите за новостями zakon.kz в: