Батыс Қазақстан облысының «Сырым» өткізу бекетінде шекарашылар Ресейден келе жатқан 28 бас ірі қара тиелген автокөлікті ұстады, деп жазады Хабар 24 арнасы.
МAN жүк көлігін тексеру барысында малды елге кіргізуге рұқсат беретін ешқандай құжаттары болмаған. Заңсыз тиелген малдың Дағыстан елінен əкелінгені анықталар отыр.
Айгүл Нұртазина, 2029 əскери бөлімінің шекаралық бақылау бөлімінің офицері:
- БҚО ветеринарлық бақылау жене қадағалау аумақтық иниспекциясымен бірлескен іс-қимыл барысында аталған автокөлік Қазақстанға кіргізілмеді. Себебі ауру анықталған ірі қара мен мал өнімдерін өткізуге шектеу қойылған. Сондықтан, мал тиелген көлік кері қайтарылды.
Фото: 24.kz