Кеше түс әлетінде Қызылорда қалалық прокуратурасы ғимаратында кезекшілікте тұрған қос полицейдің бірі екіншісін абайсызда тапаншадан атып алып, жазым етті, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА.
Бейресми дерек көздерінен алынған мәліметке сүйенсек, қызмет бабында тұрған кіші сержант Олжасты Абдуқасымовты кіші сержант Нұрсұлтан Балтақ абайсызда тапаншасынан атып алған.
Оқ тиген полицей сол жерде жан тапсырыпты. Қазірде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Фото: inform.kz