Оңтүстік Қазақстанда мереке күні 205 сәби дүниеге келді

Елімізде дүниеге келетін әрбір 4-ші сәби оңтүстікте туылады.
Оңтүстік Қазақстан облысында 8 наурыз күні 205 нәресте туылған. Дүние есігін ашқан сәбилердің көпшілігі - ұл бала. Арасында 2 егіз де бар, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Мереке күні қос қуанышқа кенелген аналарды облыстың бас дәрігері арнайы құттықтады. Жалпы өңірде дерттің алдын алу мен жүкті әйелдерге дер кезінде көмек көрсетудің арқасында ана өлімі былтыр 30,5 пайызға төмендеген. 3 миллионға жуық халқы бар облыста жылына 80 мың бала дүние есігін ашады. Елімізде дүниеге келетін әрбір 4-ші сәби оңтүстікте туылады. Облыста көп балалы отбасылар саны да жыл санап артып келеді. Мереке күні алғаш ана атанған жанның бірі - Жансая Мырзабаева.

Жансая Мырзабаева, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Туылған кезде барлық қиындықты ұмытып кеттім. Өте бақыттымын осындай ұлды болғаныма құдайға шүкір. Құштарлана мейіріммен емізіп, оның иісін айта алмаймын. Ол әлемде жоқ сезім. Барлық аналарға ана бақытын тілеймін.

Мұқан Егізбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Биылғы жылы облыс бойынша барлық мекемелерге ана бөлімі, емдеу бөлімдерін түгелдей медициналық құралдармен 100 пайыз қамтамасыз етеміз. Одан бөлек ана өлімін азайту мақсатында Сарыағаш пен Шымкент қаласында бір бір перинаталдық орталық салу мәселесін көтеріп жатырмыз.

Фото: 24.kz
Следите за новостями zakon.kz в: