ДНК тестілеу арқылы талдаманың бірнеше түрі жасалады. Туыстық қатынасты анықтауда «әкелікті анықтау» қиындыққа соғады. ДНК тестілеу арқылы әкелік қатынасты анықтау баланың биологиялық ата-анасының қатысуымен жасалады, деп жазады "Қазақстан" ҰТА.
«Көбінесе адамдар зертханаға әкелікті анықтау үшін келеді. Мәселен, елімізде ДНК тестілеудің 70 пайызы әкелікті анықтау үшін жасалады.
Талдауға отбасында дүние, мал мүлкін бөлуге, алимент төлемеуге қатысты сұрақтар туындағанда немесе көп жылдан кейін баласын не ата-анасын тапқан жағдайда келеді», - дейді дәрігер Гүли Әділ.
Фото: kaztrk.kz