Қостанайда күнделікті маршруттық автобусқа мінген әйел көз жұмды. Бұл туралы stan.kz, alau.kz жазған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 10 наурыз күні кешкілік №27 автобуста орын алған.
Қайғылы оқиға куәгерлерінің айтуынша, әйелдің жағдайы күрт нашарлайды. Жолаушылардың бірі алғашқы болып медициналық көмек көрсетуге талпынады.
Ол әйелге мүсәтір спиртін иіскетіп, жүрек тұсын уқалап, жасанды тыныс алдыру жасайды. Бірақ, өкінішке қарай бұл көмектеспеген. Әйел жедел жәрдем келемін дегенше көз жұмған.
Фото: stan.kz