Ақтөбелік әйел тергеушімен интимдік қатынасқа барғанын сот кезінде айтып берді

Зардап шегуші кәсіби массажист болып істейді, екі жоғарғы білім бар екен.
Ақтөбеде есірткі бизнесімен күрес басқармасының тергеушісі 30 жастағы Сұлтан Сырлыбайұлы қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланған деген кінәмен айыпталып жатыр. Бұл туралы stan.kz, “Актобе Таймс” жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Тергеуші туралы іс, есірткі қылмысымен айыпталған ер адамның әйелі арыз жазғаннан кейін көтерілген.

“29 наурыз күні біздің жалдамалы пәтерімізді тінтіді. Сосын күйеуімді алып кетті. Одан жарты келі марихуана мен екі ұялы телефон табылды. Үйде 323 мың теңге болған, оның 300-і менің жинағандарым. Сырлыбайұлы менде екі-ақ жол бар екенін айтты, бірі – барлық ақшаны алдым деп қолхат жазып беру. Ол жағдайда күйеуіме шартты түрде 4 жыл жазып береді екен. Немесе ол менің күйеуімде жарты келі емес, бір келі анаша деп жазып, мені сыбайласы ретінде ұстайды. Ондай жағдайда күйеуіме 12 жыл жаза тағайындалуы мүмкін. Мен қорыққанымнан келістім. 323 мың теңгеден Сырлыбайұлы маған 140 мың теңге ғана қайтарды”, – дейді А. Сандыбаева.

Зардап шегуші кәсіби массажист болып істейді, екі жоғарғы білім бар екен. Әйелдің айтуынша, тергеуші оған күн, түн демей хабарласып, өзіне массаж жасап беруін талап еткен.

“Бұл адаммен арамызды интим болды, ол өз дегеніне жетті. Мен айқайламадым, тырнамадым. Егер мен қасқыр болсам, оның тамағынан кеміруші едім. Бірақ, біз адамдар әлеміндеміз, мұнда заң бар. Ол билік өкілінің адамы болды. Және сондай адамдардың өмірден нені қаласа соны алып жатқаны қорқынышты. Оларға бәрі үшін рұқсат”, – деді ол сотта.

Фото: stan.kz
Следите за новостями zakon.kz в: