Павлодарлық полицейлер 2500 келі балықты құжатсыз әкетіп бара жатқан ШҚО-ның екі тұрғынын қолға түсірді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары 34 жастағы ер адам тізгіндеген "Газель" автокөлігін Кенжекөл ауылының жанында тоқтатқан.
- Тексеру барысында балық салынған 32 қап анықталды. Оның 28 қабы мөңке балық болса, алты қабы - шортандар. Ұсталғандар балықты саудаға шығару үшін әкетіп бара жатқанын айтқан. Келтірілген шығын көлемі 376 мың теңгені құрайды. Қазіргі таңда аталмыш фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 335-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - дейді баспасөз қызметіндегілер.
Фото: Рavlodarnews.kz