Павлодарда мереке күндері дүниеге 99 сәби келген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Агенттіктің жолдаған ресми сауал хатына облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұсынған жауапқа сүйенсек, олардың 54-і - қыз бала, 45-і - ұл бала.
Дегенмен мейрам күндері жедел жәрдем бригадасына жүкті әйелдерден басқа, қарапайым тұрғындар тарапынан шалынған қоңырау саны толастамаған.
Әсіресе, 23-наурыз күні 757 қоңырау тіркелген. 19-23 наурыз аралығында 3467 адамнан ақ желеңділерге шақырту түсіп, 511 науқас ауруханаға жатқызылған.
Оның ішінде көп кездесетін ауру түрлері - артериалдық гипертензия, ӨЖРЖ, өткір психоз, алкогольдік мастық жағдайда болу.
Айта кетерлігі, мамандар мұндай жағдайды мереке күндерімен байланыстырып отыр.
Тұмар Бекжан
Фото: Рavlodarnews.kz