Павлодарда тұрғындар үшін қауіп төндіретін электр кабелін қалалық ТҮКШ бөлімінің мамандарына кесіп тастауға тура келді. Кабель жоғарыдан түскен мұздың салдарынан үзіліп қалған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Аждар Жүсіповтің айтуынша, оқиға "Азия" ПИК қызмет көрсететін аумақта орын алған. Дегенмен тұрғындар демалыс күні кооператив төрағасымен байланысқа шыға алмаған.
- Мир көшесі, 30 мекенжайы бойында екі қабатты үйдің төбесінен мұз сеңі кабельге құлаған, - дейді Аждар Жүсіпов.
- Біздің мамандар жаңа кабель өткізіп, балаларға түсіп кетпеу үшін төбені қардан тазартты. Айта кетерлігі, демалыс күндері орын алған жағдай үшін пәтер иелері кооперативіне айыппұл салынбайды.
Фото: Аждар Жүсіпов