Алматы облысындағы Бақбақты ауылын құм басу қаупі бар

Ауыл маңына эксперимент есебінде отырғызылған сексеуіл көшеттерінің 50-60 пайызы тамыр алып кетуі мүмкін, дейді мамандар.
Алматы облысындағы Бақбақты ауылына құм басу қаупі төніп тұр. Осыған орай, Балқаш ауданына қарасты елді мекенде құм тоқтату жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұндай жағдай бұл елді мекенде жылда қайталанады. Себебі, аймақтың жері құмды. Әрі желі де толастамайды. 5 мыңнан астам тұрғыны бар Бақбақты ауылының халқы мұндай жағдайға бойларының үйренгендерін айтады.

«Енді, құм саулағанда көзімізге де кіреді. Балаларымыздың үсті-басы шаң, топырақ болады. Жылда тазартып жатыр. Әйтпесе сыртқы қақпаның жарым беліне дейін келеді топырақ», - дейді Қайыпжамал Мұқанова.

Құм тоқтату бағытында қолға алынған жұмыстарға орай, қазір аймаққа көптеп көшеттер егілуде. Бақбақтының батысындағы 1 гектар жерге 14 мың түп сексеуіл мен 2 мыңдай жиде көшет отырғызылды.

«Былтыр 20-25 адам осы жерде жұмыс істеді, олар биыл да жалғасуда. Құм тоқтату жұмыстары жүргізілуде. Тағы да ағаштар егіп, құдық орнатып, сол жерді көгалдандырсақ деген ойымыз бар», - дейді Бақбақты ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Асқар Мырзахметов.

Ауыл маңына эксперимент есебінде отырғызылған сексеуіл көшеттерінің 50-60 пайызы тамыр алып кетуі мүмкін, дейді мамандар. Бақбақтылықтар құм тоқтату жұмыстарының ойдағыдай жүзеге асатынына сенімді.

Фото: inform.kz
Актау Актобе Алматинская область Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: