Қостанай облысында бассейнде тыржалаңаш шомылған полицей жұмыстан қуылды

Оқиға Сарыкөл ауданындағы ашық спорт кешенінде болыпты.
Қостанай облысында “Олимп” спорт кешеніндегі қоғамдық бассейнде тыржалаңаш шомылған полицей жұмыстан қуылды. Бұл туралы stan.kz, облыстық ІІД баспасөз қызметі таратқан мәліметке сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция майоры тәртіптік комиссияның шешімімен жұмыстан шығарылған. Оқиға Сарыкөл ауданындағы ашық спорт кешенінде болыпты. Алкогольді мас күйде болған ер адам балалардың көзінше тырдай жалаңа шешініп суға түсіпті.

Алғашқыда құқық қорғаушыны жауапқа тарту нәтижесіз аяқталған. Бірақ, бұл мәселеге қайтара соққан комиссия оны жұмыстан шығару туралы шешім қабылдайды. Сондай-ақ, Сарыкөл аудандық ішкі істер бөлімі басшысының екі орынбасары да жауапкершілікке тартылды.

Фото: stan.kz
Следите за новостями zakon.kz в: