Алматы облысында 17 жастағы қызды өлтірген қаскөй әлі табылмай жатыр. Іздестіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қайғылы жағдай 1 сәуір күні болған. Қыздың мәйіті «Асыл Арман» тұрғын үй кешеніндегі көпқабатты үйдің пәтерінен табылған. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір күдікті анықталды. «Қазіргі уақытта оны ұстау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Аталған дерек бойынша Қарасай АІІБ сотқа дейінгі тергеу шаралары жалғасуда», - деді ІІБ баспасөз қызметіндегілер. Сондай-ақ мамандардың сөзінше, аталған жантүршігерлік жағдай бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалған.
Фото: inform.kz