Қарқаралыда ажал құшқан жандарды су тасқыны құрбандары деп атады

Қарқаралы ауданының әкімдігі суға кеткен 13 жасар Ерасыл Дарханұлын, 19 жастағы Жанболат Мәжитовті және 56 жастағы Болат Әбілдиновті жерлеуді ұйымдастыру жұмыстарына барынша көмек көрсетуде.
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында суға кетіп көз жұмған екі ер адам мен 13 жасар ұл су тасқыны құрбандары атанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Бұған дейін ТЖ департаменті көліктің жыраға құлауын және үш адамның еріген қар суына ағып кетуін жол-көлік оқиғасы санатына жатқызған еді.

«Бұл жол-көлік оқиғасы емес, сондықтан «жолда жүру қағидаларын бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғамадық. Оған еш негіз жоқ», - деп хабарлады Қарқаралы ауданының прокуратурасы.

Қарқаралы ауданының әкімдігі суға кеткен 13 жасар Ерасыл Дарханұлын, 19 жастағы Жанболат Мәжитовті және 56 жастағы Болат Әбілдиновті жерлеуді ұйымдастыру жұмыстарына барынша көмек көрсетуде.

«Туыстарына техника және өзге мәселелер бойынша көмек көрсетудеміз. Оның үстіне бір отбасында ер адам мен жасөспірім қаза болды», - деді аудан әкімдігі.

Еске сала кетейік, 31 наурыз күні кешкі 20:00-де Қарқаралы ауданы Бесоба ауылына 13 шақырым жерде, «Қарашоқы-Бесоба» жергілікті маңыздағы тасжолында «УАЗ» көлігі еріген қар суына толы жыраға батып кетті.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші рульге ие бола алмай, жыраға құлаған. «УАЗ» автомобилі жыраға түсіп кеткен. 7 орындық машинаның салонында 9 адам болғандығы анықталды. Үшеуі із-түзсіз жоғалған. 7 орындық көлік салонында 9 адам болған. Алты адам апаттан аман қалды. Із-түзсіз жоғалған үш адамның мәйіті табылды.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в: