Ақтөбедегі сұйытылған газ шет елдерге заңсыз тасымалданып келген

Облыс аумағында әлеуметтік газ тасымалдайтын мекемелер облысқа бөлінген газ көлемін теміржол арқылы шет елдерге заңсыз тасымалдап, өткізіп отырған.
Осыдан бір апта бұрын Ақтөбедегі жанармай бекеттеріндегі 1 км-ге дейін созылған ұзын-сонар кезекті көрсеткенбіз. Көлікке құятын газ жоқ деп халық дүрліккен соң, себебін анықтауға үкімет мүшелерінің өзі кіріскен. Іздесе табады екен. Арманға айналған сұйытылған газдың ұрланып келгені белгілі болды, деп жазады 31 телеарна.
Облыс аумағында әлеуметтік газ тасымалдайтын мекемелер облысқа бөлінген газ көлемін теміржол арқылы шет елдерге заңсыз тасымалдап, өткізіп отырған. Қазір осы аса ірі көлемдегі экономикалық контрабанда және заңсыз тасымалдау, сату сияқты қылмыстық әрекеттермен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ қолға түсті. Тергеу амалдары әлі жүріп жатқандықтан топ мүшелері жайлы және қанша көлемде сұйытылған газдың заңсыз жолмен сатылып кеткендігі мен жалпы сомасы жөнінде нақты ақпарат айтылмай отыр.
АРТУР ХАЙРУДИНОВ, Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті экономикалықтергеу басқармасының басшысы:

- Жаңағы айтып отырған әлеуметтік газ тасымалдау мекемелері Ақтөбе облысында тіркелген. ЖШС «Голд Степ» және «АзГаз» . Жедел іздестіру және тергеу амалдары, оның ішінде тінту, алу қылмысқа қатысы бар адамдар ұсталды.

Фото: kerek-info.kz


Следите за новостями zakon.kz в: