Ақмола облысында қараусыз қалған алты жасар бала ауыл жанындағы тұндырғыш құдықтан өлі күйінде табылған. Бұл туралы stan.kz, Sputnik Қазақстан жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға, Целиноград ауданы, Нұресіл ауылында 3 сәуір күні болыпты. Нөлінші сыныпта оқитын бала ойнауға шығып кетіп жоғалған. Бір жарым сағаттан соң ата-анасы мен көршілері баланы іздей бастайды.
“Баланың ата-анасы тұратын көше бойындағы адам қоныстанбаған үйдің септигінен баланың өлі денесі мен резеңке доп табылды”, – деп хабарлады дерек көзі.
Суға толған құдықтың тереңдігі екі метрдей болған. Қақпағы ашық күйінде қалыпты.
“Бала доппен ойнап жүріп, құдыққа құлап кетіп, суға батқан”, – дейді мамандар. Қазір баланың денесін Астанада мамандар сараптамадан өткізіп жатыр.
Фото: stan.kz