Қазақстанда дәрі-дәрмек арзандауы мүмкін

Алматыда өткен халықаралық дәрі-дәрмек нарығын бақылауға арналған конференцияда осындай тұжырым жасалды.
Еуразиялық экономикалық одақ аясында ортақ фармокологиялық нарық қалыптасқан соң елімізде дәрі-дәрмек арзандауы мүмкін, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Алматыда өткен халықаралық дәрі-дәрмек нарығын бақылауға арналған конференцияда осындай тұжырым жасалды. Басқосуға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Армения мен Белорусьтен келген фармацевт мамандар қатысты. Жаңа тәртіп бойынша дәрі-дәрмектерді тіркеу Қырғызстан тарапы келісімшартқа қол қойған соң басталады. Қазір ел нарығында 7 мың түрлі препарат бар. Солардың тек 17 пайызы ғана отандық өнім.

Вячеслав Локшин, халықаралық дәрі-дәрмек өндірушілер қауымдастығының төрағасы:

- Ортақ фармацевтикалық нарық қалыптастырған кезде біз қазіргідей 17 млн емес, 185 млн халықты қамтимыз. Бұл жағдай дәрі өндірушілердің кәсібіне қолайлы. Бағасы да қолжетімді, арзан болады деп ойлаймын.

Фото: 24.kz
Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: