Қызылордаға 7 келі марихуана апара жатқан ақтөбелік жол бойында ұсталды

Zakon.kz
Жыл басынан бері Ақтөбеде 15 келіден астам есірткі тәркіленді.
«Самара-Шымкент» тасжолымен Қызылордаға бет алған ақтөбелікті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстады. Күдіктіден 7 келіден астам марихуана тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбедегі ІІД-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы жедел іздестіру жұмысын аяқтады. Полиция қызметкерлері «Самара-Шымкент» тасжолында Ақтөбе тұрғынын ұстады. Ол Қызылордаға есірткі тасымалдаған.

«Бірнеше адам ұсталды. Олар Қызылорда облысының тұрғындарымен қылмыстық ниетте алдын ала сөз байласып, Ақтөбе және Атырау облыстарында есірткі тасымалдау арнасын ұйымдастырған. Тәркіленген есірткі затының жалпы салмағы 7 келіден асады. Яғни, 1400 реттік дозаны құрайды. Қазір есірткі тасымалдауға қатысы бар басқа да адамдарды анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүріп жатыр»,- деді облыстық ІІД-дің баспасөз қызметкері Нұргүл Қонақбаева.

Айта кетейік, жыл басынан бері Ақтөбеде 15 келіден астам есірткі тәркіленді. Есірткі сатудың 26 дерегі анықталып, 2 контрабанданың жолы кесілді.

Фото: inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Лиза Арзамасова и Илья Авербух впервые показали лицо маленькой дочери

Екатерина Ковальчук похвасталась подарком от Гарика Харламова

Эмин Агаларов поделился подробностями личной жизни

Казахстанцев заставляют платить несуществующий "штраф"

Кристина Асмус и дочь Гарика Харламова встретили Новый год на Мальдивах