Қарағандыда жіпке байлаулы қайыршы-баланы көрген тұрғындар шошып қалды

Автордың айтуынша, фото 4 сәуір күні Қарағанды қаласындағы Бұқар Жырау базары аймағында түсірілген.
Instagram желісінде мәжбүрлі түрде қайыр сұрап жүрген баланың суреті пайда болды. Фотодан шамамен 9-10 жасар баланың бағанаға жіппен байланып тұрғанын көруге болады. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Суретті denski_blog парақшасы жариялаған.

«Өз көзіме өзім сенбедім, ақырында шектен шығып кетті, арсыз пайдаланушылар! Мына суретті оқырманым жіберді: Барлығымыздың көзіміз үйренген қайыршы, бағанаға жіппен байланған бала садақа сұрап жүр. Бұған жайбарақат қарап тұру мүмкін емес. Әншейінде байсалды адаммын, бірақ мына суретке қатты ашуландым. Мәселе балаға келгенде қалай үндемейсің?» – деп жазады автор.

Автордың айтуынша, фото 4 сәуір күні Қарағанды қаласындағы Бұқар Жырау базары аймағында түсірілген.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, аталған аймақта базарлар мен сауда үйлері көп. Сондықтан да бұл мекен қайыршылардың ордасына айналған.

Қайыршылар бұл әрекеттерін ойын шартымен түсіндірген. Айтуларынша, оларды ешкім бұл іске мәжбүрлемейді екен.

“Біз осылай ойнаймыз” деді. Біз үшін шок болса, олар үшін бұл қалыпты нәрсе секілді. Қатты таңырқадық”, – дейді суретті жариялаған парақшаның әкімшісі.

Фото: stan.kz
Следите за новостями zakon.kz в: