Оралдық әйел жиырмаға жуық алаяқтық жасаған

Zakon.kz
Қазіргі уақытта БҚО ІІД И.Хазицкая басшылық еткен «МСВ Қазақстан» ЖШС әрекетінен зардап шеккен басқа да адамдарды анықтап жатыр.
Орал қалалық ішкі істер басқармасы Абай полиция бөлімі 1975 жылғы Инна Хазицкаяға қатысты ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, «МСВ Қазақстан» ЖШС туристік компаниясының құрылтайшысы болып табылатын аталған әйелдің 2013 жылдан бері жиырмаға жуық алаяқтық жасағаны тіркеліп отыр.

Ол шет елдерге туристік сапарды ұйымдастыру қызметін көрсетемін деп, Орал қаласы тұрғындарының сеніміне кіріп, қаржысын иемденіп кеткен.

Қазіргі уақытта БҚО ІІД И.Хазицкая басшылық еткен «МСВ Қазақстан» ЖШС әрекетінен зардап шеккен басқа да адамдарды анықтап жатыр.

Фото: www.inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Лиза Арзамасова и Илья Авербух впервые показали лицо маленькой дочери

Екатерина Ковальчук похвасталась подарком от Гарика Харламова

Эмин Агаларов поделился подробностями личной жизни

Казахстанцев заставляют платить несуществующий "штраф"

Кристина Асмус и дочь Гарика Харламова встретили Новый год на Мальдивах