Қостанайда жалған доллар таратқан топ сотталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Жалған ақшалар шетелде әзірленген және оларды түпнұсқадан айыру өте қиын болған. Қостанай облысы мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеулер қызметінің хабарлауынша, қылмыстық топ айырбас пунктінде жалған АҚШ долларларын бірнеше рет айырбастаған. Олардың аты-жөндері анықталғанша, номиналы 100 АҚШ доллары болатын 8 купюраны айырбастап үлгерген.
Тергеушілер жалған долларлардың шалғай шетелдің типографиясынан жоғары сапада басылып шыққанын анықтады. Сотта қылмыстық істі қарау кезінде қылмыскерлер өз айыптарын толық мойындады. Олардың өкініш білдіргендері ескеріле отырып, сот айыпкерлерге 5 жылға дейін шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын кесті.
Фото: www.inform.kz