Екібастұз қаласының тұрғыны жеке кәсіпкерлікке дейін төрт ай ішінде заңсыз 500 тонна көлемінде дизель отынын сатып, 47 миллион теңге шамасында табыс тапқан, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде «Павлодар облысы бойынша МКД-нің экономикалық тергеу қызметі жұмысының нәтижелері» тақырыбында өткен баспасөз жиынында Павлодар облысының мемлекеттік кірістер департаменті көленкелі экономикаға қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Азамат Бейсембаев мәлім етті.
- Ол өз қаласында заңсыз дизель отынын саудалаған. Қараша айынан бастап ақпан айына дейін көлеңкелі бизнеспен айналысқан азамат 47 миллион теңге табыс тапқан. Тексеріс барысында өрттен сақтандыру талаптары сақталмағаны анықталды. Жанар-жағармай қала сыртындағы гараждардың бірінен табылды. Нәтижесінде мемлекетке келтірілген шығынды өтеу мақсатында 57 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды, - деді Азамат Бейсембаев.
Бұдан басқа, Екібастұз қаласында ерлі-зайыптылар төленбеген салық түрінде мемлекетке 644 млн теңге шығын келтірген. Олар бес жылдан астам уақыт бойы іс жүзінде тауарларды тасымалдау бойынша қызмет атқармаса да, келісімдер жасап келген. Күдікке ілінгендер тергеуден қашқақтағандықтан оларға іздеу салынып, екеуі де ұсталған. Бүгінде қылмыстық іс аяқталып, соттың қарауына жолданған. Абзал Қабдраш
Фото: Рavlodarnews.kz