Ақтөбеде ата-анасының ұрысынан шаршаған жасөспірім үйден қашып кеткен

Құқық қорғау органдары қызды бір тәуліктен соң туыстарының үйінен тапқан.
Ақтөбе облысының Қандағаш қаласында іс-түссіз жоғалған 15 жастағы мектеп оқушысы бір тәуліктен кейін табылды. Бұл туралы stan.kz, Ақтөбе облысының ішкі істер департаменті берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Ол ата-анасының ұрысынан шаршағандықтан үйден қашып кеткен екен.

Құқық қорғау органдары қызды бір тәуліктен соң туыстарының үйінен тапқан.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде дәл осыған ұқсас жағдай орын алған. Үйінен кетіп қалған қыз Хромтаудан табылған.

Фото: www.vitamarg.com
Следите за новостями zakon.kz в: