Елімізде сұйытылған газ электронды саудаға шығарылады

Жаңашылдық келер жылдың қаңтар айынан бастап енгізіледі.
Сұйытылған мұнай газы электронды саудаға шығарылады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі Газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Зияш Қияқбаев хабарлап отыр. Оның айтуынша, басында газдың тек 20 пайызы ғана нарық заңы бойынша саудаланады, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Біртіндеп бұл көрсеткіш ұлғайтылады. Жаңашылдық келер жылдың қаңтар айынан бастап енгізіледі. Қияқбаевтың пікірінше, қабылданған шешім сұйытылған мұнай газын сату процесін барынша ашық өткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, оның арқасында көгілдір отынды сатып алушылар тізімін кеңейту көзделіп отыр.

Зияш Қияқбаев, ҚР Энергетика министрлігі Газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры:

- Атап айтсақ, көгілдір отын бағасын мемлекеттік реттеу 2018 жылы 20, одан кейін 50 пайызға азайтылады. Осылайша баға біртіндеп электронды сауда алаңы арқылы белгіленуге көшеді. Жоспар бойынша бұл жұмыстар 2-2,5 жыл ішінде толық аяқталады. Ал алдағы 2-3 айда газ бағасы қымбаттамауы тиіс.

Фото: kerek-info.kz
Следите за новостями zakon.kz в: