Жарты жылға жалғасатын жаттығулардан соң олар құрлықтағы есу спорты бойынша марафонға қатыспақ, деп жазады КТК телеарнасы.
Мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға бейімдеу мақсатында арнайы зал ашылып, қазір онда зағип жандар аптасына 3 күн жаттып жүр. Ұйымдастырушылар бірінші кезекте көзі нашар көретін немесе мүлдем көру мүмкіндігінен айырылған 200-ден астам адамға шақырту жолдапты. Бірақ олардың 23-і ғана келісіп, қазір жарысқа дайындалуда. Спорт залында шынығу, жаттықтырушының көмегі тегін. Ал алға қойған мақсаттары зор. Команда құрлықта есу спорты бойынша 42 шақырымдық марафонға қатыспақ. Бірақ спорттан бұрын өзіне деген сенімділікті қайтару үшін келгендердің саны басым көрінеді.
Жазира Мүлкібекова, Алматы қаласының тұрғыны:
-Денсаулығымды түзейін деп келдім. Болашақта түрлі-түрлі жарыстар болады. Соларға қатыссам деген ойдамын.
Фото: stan.kz