Көкшетаудың іргесінде ауылдағы үйлерді су шайып, 43 отбасы қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
ТЖД мәліметі бойынша төтенше жағдай ағымдағы жылдың 11 сәуірінде таңғы 05:45 шамасында Зеренді ауданының Шағалалы ауылында орын алған. «Шағалалы өзенінің суы көтерілуі салдарынан ауылдағы 4 үй мен 9 үйдің ауласын су шайып кетті.
Осының салдарынан 43 адам (оның ішінде 9 бала) және 154-ке жуық үй жануарлары қауіпсіз жерге көшірілді.
Қазіргі кезде су сору жұмыстарына ТЖД жеке құрамынан 21 адам және 9 техника мен 4 жүзу құралы, жергілікті атқарушы органдардан 3 адам және 1 техника, жергілікті полиция қызметінен 4 адам және 1 техника жұмылдырылып, су тасқынының салдарынан жою шараларын жүргізуде, деп түсіндірді ТЖД баспасөз қызметінен.
Фото: inform.kz