Бие сүтінің құрғақ түрін өндіру алдағы жылы 2 есеге өсіп, 30 тоннаға жеткізіледі. Сонымен қатар оны шетелге экспорттау да жоспарда бар. Бұл жөнінде бүгін саумал ұнтақтарын шығарумен айналысатын отандық жалғыз компания өкілдері мәлімдеді, деп жазады Хабар 24 арнасы.
Аталған өнімге сұраныс күн өткен сайын артып келеді. Сондықтан компания өндіріс технологиясын жетілдіріп, оны еліміздің түкпір-түпіріне және алыс-жақын шетелдерге жылдам жеткізудің жолдарын қарастырып жатыр. 95 пайыз табиғи өнімнен тұратын ұнтақтың денсаулыққа пайдасы зор. Бірақ бағасы көңіл көншітпей тұр.
Меруерт Өмірбекқызы, компания өкілі:
- Бағасы осы күнде сәл қымбаттау. Оны білеміз. Бағасы 30 мың теңге тұрады. Бір құтыда 500 грамм. Оны таңертең, түсте, кешке де ішуге болады.
Фото: sostavproduktov.ru