ОҚО-да «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 66 тұрғын үй пайдалануға беріледі

Zakon.kz
Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ОҚО-ғы филиалының директоры Қасымбек Маликов мәлім етті.

Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ОҚО-ғы филиалының директоры Қасымбек Маликов мәлім етті.

Оның айтуынша, облыстамемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы екі бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Біріншісі - жергілікті әкімдік арқылы салынатын үйлер болса, екіншісі - «Бәйтерек Девелопмент» акционерлік қоғамы арқылы салынатын тұрғын үйлер.

«Мәселен, осы жылы әкімдік арқылы жалпы аумағы 31,6 мың шаршы метр болатын 558 пәтерлік көпқабатты 11 үй тапсырылады. Ал «Бәйтерек Девелопмент» акционерлік қоғамы бойынша 180 мыңнан астам шаршы метр болатын баспана тапсырылмақ. Ол 3086 пәтерлік 55 үй. Осылайша, 2018 жылға дейін «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша банк желісімен облыста 226,2 мыңнан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек»,-деді Қ.Маликов.

Сонымен қатар, ол биылдан бастап мемлекеттің барлық тұрғын үй бастамалары «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жүзе асатытын атап өтті. Аталған бағдарлама 5 негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырлады. Соның ішінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі кредиттік баспана бағытын жүзеге асырады, және жеке тұрғын үй құрылысын несиелендіретінін жеткізді.

Брифингте мәлім болғандай, осы жылдың 3 сәуірінен бастап Директорлар кеңесінің шешімімен тұрғын үй құрылыс жинақтары шартын жасағаны үшін және шарттық соманы арттыру үшін алынатын комиссия көлемі 0 теңге болып бекітілді.

Естеріңізге сала кетейік, бұрын аталмыш қызметтер үшін алынатын комиссия көлемі - шарттық соманың және депозиттің арттыру сомасының 0,55%-ын құраған еді.


Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

70-летняя Любовь Успенская показала друга

Да пошло оно ко всем чертям: Кристина Орбакайте выпустила новую песню

Сергей Лазарев объявил о своей особенности

Основатель сети магазинов одежды Mango погиб на экскурсии на глазах у членов семьи

Астрономы объяснили, почему Солнце станет огромным после Нового года