Назарбаев: жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса табысқа жетеді

Ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қа­бі­летімен айқындалады.
Бүгін «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде ҚР Президенті - Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақала жарық көрді. Мақаланың ішінде Елбасы бәсекелік қабілет жолдарына ерекше тоқталған,- деп жазады zakon.kz.

"Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халық­тың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсы­на алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, соны­мен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін"- деді Елбасы.

Сонымен қатар, президент болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қа­бі­летімен айқындалатының қадап айтты.

"Сондықтан, әрбір қазақ­стандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, ком­пьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мә­дени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың сана­тында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы" , -деді Н. Назарбаев.

Фото: ain.kz
Следите за новостями zakon.kz в: