Орал қалалық сотының 12 сәуір күнгі үкімімен Тілек Химетденов ҚР ҚК 106-бабы 3-бөліміне сәйкес айыпты деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын жалпы тәртіптегі түзету колониясында өтеуге сотталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Орал қалалық сотынан түскен мәліметке қарағанда, Т.Химетденов өткен жылы 24 мамырда өзімен бірге жұмыс жасаған Ф.Төлегеновпен арақ ішу барысында сөзге келген.
Оның соңы төбелеске ұласып, сотталушы Ф.Төлегеновтің басынан және басқа жерлерінен көптеген соққы жасаған. Соның салдарынан марқұм оқиға орнында көз жұмған. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Фото: inform.kz