Ақтау балықшылары ауларына жаппай ауру балықтардың түсіп жатқанына алаңдап, дабыл қақты. Түрлі дертке шалдыққан теңіз мақұлықтарының көбеюі қарапайым балықшыларды ғана емес, осы шаруашылық мамандарының өзін де шошытып отыр, деп жазады КТК телеарнасы.
Балық аулаудың шебері Сергей Двойныхтың соңғы ұстаған көксеркесі дабыл қағуға себеп болды. Құбыжық күйдегі мақұлықты ол бұған дейін де олжалапты. Бірақ мән бермеген.
Осы жағдай тағы қайталанғанан кейін көксеркені көтеріп, мамандарға барған. Зерттеу барысында оның қатерлі ісікке шалдыққаны анықталды.
Ісініп кеткен теңіз шабақтары да ауға жиі түсетін көрінеді. Ғалымдар бұның нақты себебін түсіндіре алмай отыр.
Ауқымды ғылыми жұмыстар жүргізіп бұның алдын алмаса, теңіздегі балықтардың қырылып қалуы да ғажап емес.
Сергей Двойных, балықшы:
-Мұндай көксеркелердің жиі кездесе бастағанын байқадым. Алғашында жараланған балықтар шығар деп ойладым. Бірақ олай болмай шықты. Мамандар қатерлі ісіктің асқынған түрі деп отыр.
Фото: КТК