Бүгін таңғы 05 сағат 04 минут 41 секунд шамасында Алматыдан оңтүстік батысқа қарай 844 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды Baq.kz.
«ҚР БҒМ ҒК Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді.
Сейсмологтардың мәліметінше, зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік батысқа қарай 844 шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында орналасты.
"Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12,2. Магнитудасы - 5,6. Тереңдігі - 60 шақырымда сезілген. МSК-64 бағаны бойынша дүмпудің сезілуі туралы ақпарат жоқ " - деп жазылған хабарламада.
Фото: Jurnal.md