Шығыс Қазақстанда екі кісі көлікпен суға батып кетті

Суға батқан ер азаматтар 4 адам болып спирттік ішімдік ішкен.
ШҚО құтқарушылары тоғаннан екі ер азаматтың денесін шығарып алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Кеше Меновновский ауылдық округінде, Герасимовка ауылынан 4 шақырым жерде құтқарушылар суға батып кеткен «Лада Гранта» автомобилінің салонынан екі ер кісінің денесін шығарып алды. Оларды бақташылардың бірі байқап қалған. Оқиға орнына сүңгуірлер жеткен.

«Судың тереңдігі - 2,5-3 метр болған. Біздің мамандар автомобиль салонының ішінен екі ер кісінің денесін тапты. Машина суға толықтай батып кеткен екен, есіктер бекітілмеген. Көлікті ашып, олардың денесін жағаға шығардық, - деді Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы сүңгуір-құтқарушылар бөлімінің басшысы Андрей Лисянский.

- Куәгерлердің айтуынша, қайғылы жағдайдың алдында суға батқан ер азаматтар 4 адам болып спирттік ішімдік ішкен. Екеуі үйіне қайтып келіп, қалған екі жолдасының жоғалғаны туралы хабар берген».

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в: