Астанада велосипед ұрлайтындар тобы ұсталды

Күдіктілер Астана қалалық уақытша қамау оқшаулағышына қамалды.
Елордалық полиция қызметкерлері велосипед ұрлаған бандылар тобын ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, қаскүнемдер Абай көшесінде орналасқан үйдің кіреберісіндегі трос құлыпты бұзып, «City nomad» маркалы таулы-спорт велосипедін қолды еткен. Сонымен қатар, Сарыарқа даңғылындағы баспалдақ алаңшасында «Магадаскар» маркалы велосипед және Күмісбеков көшесіндегі үйдің алаңынан спорттық велосипед ұрланған.

Елордалық полиция қызметкерлері 29 және 30 жастағы бұрын сотталған екі ер адамды және 29 жастағы әйелді ұстады. Қазіргі таңда ұсталғандардың төрт велосипед ұрлау фактісіне қатысы бары дәлелденіп, заттай дәлелдемелер алынды.

Олардың осы секілді басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр. Күдіктілер Астана қалалық уақытша қамау оқшаулағышына қамалды. Бұл факті Бірегей реестрде ҚР ҚК 188-бабы 2-тармағы бойынша тіркелді.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в: