Орал қаласы төңірегінде 40 га жер өртенді

Қазіргі кезде өрттің шығу себептері, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде.
Орал қаласы маңындағы 2-саяжай аумағында 40 га жерде құрғақ шөп өртенді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

БҚО ТЖ департаментінің бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Азамат Нұрпейісовтің айтуынша, соның салдарынан 14 электр бағанасына зақым келді.

«Автомобилист» саяжай қоғамдастығында үй өртеніп кетті. «Тілсіз жауды» ауыздықтауға департаментке қарасты өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінен 6 техника, 27 адам қатысты.

Сондай-ақ орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі мен «Жайық таза қала» ЖШС-дан қосымша күш тартылды.

Қазіргі кезде өрттің шығу себептері, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде.

Соңғы күндері өңірде күннің күрт ысуы салдарынан өрт қаупі күшейе түсуде.

Айта кетейік, 2015-2016 жылдары Батыс Қазақстанда 59 орман өрті тіркеліп, соның кесірінен орман қорына 29,4 млн. астам теңге залал келді.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в: