Павлодарда Қамзин көшесі, 160 мекенжайы бойындағы көп қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан аяқ киім дүкенінен өрт шыққан, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, сауда нүктесіндегі әйелдер сөмкелері мен аяқ киімдер тұрған сөрелер жанып, қызыл жалын үш шаршы метр аумақты шарпыған.
Өрт шыққаны туралы хабарлама кеше сағат 19.44-те кезекшілік бөліміне түскен. Сағат 20.44-те толығымен сөндірілген.
- Оқиға орнынан 27 адам сыртқа шығарылды. Оның сегізі – балалар. Дүкен "Разгон" жеке кәсіпкерлігіне тиесілі. Тілсіз жауды ауыздықтауға департаменттен екі звено жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу салдары мен келтірілген шығын көлемі анықталуда, - деді баспасөз қызметінде.
Ақбота Сейсенбаева
Фото: Рavlodarnews.kz