6 жастағы Даниал Айдаров әлем чемпионы атанды

22 келі салмақ дәрежесінде қарсы келгеннің бәрін шаң қаптыр­ған ол жеңістің биік тұғырынан көрінді.
Біріккен Араб Әмірлік­терінен жақсы жаңалық жетті. Ел астанасы Абу-Даби қаласында джи­уд­житсудан балалар арасында өткен Әлем чемпионатында Даниал Айдаров жеңімпаз атанды, деп жазады Замана газеті.

22 келі салмақ дәрежесінде қарсы келгеннің бәрін шаң қаптыр­ған ол жеңістің биік тұғырынан көрінді.

Даниал – Созақтың тумасы. Бүгінде әкесі Бибол Әшірбеков қызмет бабымен Астана қаласында тұрады. Даниал күнделікті жаттығуын да осы қаладағы «Ронни» жекпе-жек клубында жасайды.

«Даниал спорт­қа бейім. Жаттығуларына барып, қадағалап тұрамын, бар ынтасымен жасайды. Сосын төрттағанда мық­ты. Жастығына қарамай, қарсыластарына ауырту тәсілін сауатты қолдана біледі» – дейді неме­ресінің жеңісті жолы туралы оның атасы Айдар Әшір­беков.

Жекпе-жек спортының төресі – джиу-джитсудан 6 жасында Әлем чемпионы болған Даниал Айдаровтың жеңісті жолының көп болатынына сенеміз. Оған қазақтың даңқ­ты спортшыларының жолын берсін!

Е.Райымқұлов

Фото: Замана газеті
Следите за новостями zakon.kz в: