Сот Теміртау тұрғынының көзінен атып мүгедек еткендердің жазасын жұмсартпады

Бетінен бірнеше соққы алған Бекзаттың досы қашып кетіп, полиция шақырып үлгерген.
Қарағанды облыстық соты жас жігіттің көзіне оқ атып, қолы мен аяғын кәуәп іспарасымен зақымдаған Теміртаудың екі тұрғынының жазасын жеңілдетуден бас тартты, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА.

Екі жігіт 25 жастағы Бекзат Сүлейменовке бойжеткенді қызғанып шабуылдаған. Олардың бірі Бекзат оның құрбысына көз салып жүр деп болжаған. Олар Бекзат досымен бірге салынып жатқан спорт кешенінің жанында тұрған кезде қастарына келеді. Ринат Нұрымов травматикалық тапаншадан Бекзаттың көзіне екі рет оқ атады.

«Құлап қалдым, көзімнен қан ағып жатты. Содан кейін бірнеше рет басымнан ұрып жіберді. Сосын досым екеумізді бір көлікке мінгізіп, көрші ауыл Астаховкаға алып келді. Сол жерде қараусыз ескі гаражға әкеліп, сабай бастады. Олардың бірі кәуәп іспарасын алып аяғымның тізеден төмен жағын тесіп, іспараның өткір ұшымен қолым мен мойнымды кесті», - деп еске алды көзі мүлдем көрмей қалған Бекзат Сүлейменов.

Бетінен бірнеше соққы алған Бекзаттың досы қашып кетіп, полиция шақырып үлгерген. Теміртеу ІІБ қызметкерлері күдіктілерді ұстады. Теміртау қалалық сотының судьясы Асанәлі Смайыловқа сот жәбірленушінің көзін көрметіндей етіп, ауыр зақым келтіргені және бұзақылығы үшін 10 жылға бас бостандығынана айыру үкімін шығарды. Ерлан Берікбол бұзақылығы үшін 8 жылға сотталды. Екеуі де Қарағанды облыстың сотына жазаны жұмсартуды өтініп, апелляциялық шағым берді.

«Апелляция сотталушылардың дәлелін зерделеп, үкімге өзгеріс енгізетін негіз таппады», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.

Фото: yaracuy.gob.ve
Следите за новостями zakon.kz в: