Алматы облысы полицейлері екі күн ішінде жиырмадан астам із-түссіз жоғалып кеткен адамды іздеп тапты, деп хабарлайды sputniknews.kz, өңірдің ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.
Алматы түбінде жоғалып кеткен қыз бір айдан соң табылды "Қаңғыма" кодтық атауы бар полиция іс-шарасының аясында жоғалып кеткен азаматтарды іздеу жүргізілген.
Екі тәулік ішінде тәртіп сақшылары 22 адамды тауыпты, олардың сегізі кәмелеттік жасқа толмағандар.
"Кейінірек анықталғандай, кәмелеттік жасқа толмағандардың басым көпшілігі үйінен қашып кетіпті. Есікте полицейлер қала тұрғындарымен бірге бір тәулік бойы үйінен қашып кеткен 10 жасар баланы іздеді. Екпінді ауылында жоғары сыныпта оқитын қыз ата-анасымен ренжісіп, көрші ауданға кетіп қалыпты, оны екі күннен соң тауып, үйіне қайтарған. Ата-анасына айтпай үйінен кетіп қалған тағы бір қыз Тараздан табылды", — деп мәлімет берді облыстық полиция.
Бүгін түнде Талдықорған драма театры ауданында полицейлер 12 жастағы екі жасөспірімді тапты. Оларды Кербұлақ ауданында екі тәулік бойы іздеген екен.
Фото: sputniknews.kz