Алматы облысындағы Көктал ауылының тұрғындары бірнеше күннен бері үрей үстінде отыр. Өйткені, ауыл балалары қолына ұстап ойнап жүрген заттар, аса қауіпті улы препораттар болуы мүмкін, деп жазады 31 арна.
Арнайы көліктермен апарылып, пеште өртелуі тиіс қауіпті қалдықтарды елдімекен маңына кімдердің төгіп кеткені белгісіз.
САМАЛ ҚАБЫШЕВА , тілші:
- Гемодез. Диаформин. Депакин. Міне осы сынды дәрілер бұл жерде қорап-қорап болып шашылып жатыр. Сорақысы сол, ойнап жүрген балалар олжа тапқандай бұл заттарды енді үйлеріне тасып әлек екен.
ХАНШАЙЫМ БАҚТЫҒАИМОВА, Көктал ауылының тұрғыны:
- Балалар мынаны әкепті. Апа мынау қандай дәрі бізге керек пе деп әкепті. Бұл өте қауіпті нәрсе. Бұның срогы өтіп кеткені бір, одан кейін балалар ойнап, байқамай ішіндегісін төгіп, ішіне су құйып ішетін болса, вообще уланып өлуден қалмайды.
Қарапайым халық түгілі, бүкіл бір ауылға жауапты әкімдіктегілер де Көкталға мұншама дәріні кім төгіп кеткенінен хабарсыз.
ҚАНАТ РЫСБЕКОВ, Еркін ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы:
- Көктал ауылында бізде арнайы қоқыс толатын жер жоқ. Бізде қалада тек Өтенай ауылында ғана бар. Бұны енді бір кісілер төгіп кеткен ғой. Енді біз тексереміз. Полиция қызметкерлерімен, учасковыйлармен ол кісілерді тауып, айыппұлдарды салып тексеру жұмыстарын жүргіземіз.
Заң бойынша мерзімі өткен қауіпті препараттар толықтай жойылуы тиіс.
Дәрі-дәрмектерді жоюдың бірнеше түрі бар.
Мәселен:
- Арнайы жабдықталған алаңдарда, үй-жайларда және полигондарда
- Өртеу арқылы;
- Сұйық дәрілер сумен араластыру және алынған ертіндіні өнеркәсіптік кәрізге төгу арқылы;
- Медициналық иммунобиологиялық препараттар залалсыздандырылып және қайнату алқылы жойылады.
Ал, барлығы қатаң бақылауда деген облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар бұл дәрі-дәрмектер дәріханаларға тиесілі болуы мүмкін деп топшалап отыр. Себебі, жекеменшіктегілер жарамсыз дүниелерді жою үшін де қаражат төлеуі тиіс екен.
ГҮЛҒАЙША ИМАНБЕКОВА:
- Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы
ГҮЛҒАЙША ИМАНБЕКОВА, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы:
- Олар арнайы жою пештеріне өткізу керек. Ол үшін негізі қаражат төлеуі керек. Менің ойым қаражат төлемеу, шығын шығармас үшін ауылдың шетіне шығарып, лақтырып тастау тиімді наверное.
Дегенмен, денсаулық сақтау басқармасындағылар барлық дәрілердің көзін жоямыз деп уәде берді.
Самал Қабышева, Мұхит Шернияздан
Фото: 31 арна