Қызылордада бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар қылмыстық топ ұсталды. Қолға түскен екі күдікті 19 жастағы қала тұрғындары болып шықты, деп жазады Хабар 24 арнасы.
Олар үй иелері жоқ кезде пәтерге терезеден кіріп, бағалы бұйымдары мен ақшаны қолды қылған.
Полицейлер қылмыстық топтың пәтер ұрлығы бойынша 13 дерекке қатысы барын анықтады. Жалпы шығын көлемі 2 миллион теңгеге бағаланды.
Сақтаған Қамытбеков, қалалық ІІБ тергеу бөлімі басшысының орынбасары:
- Оларға қатысты ҚР қылмыстық кодесінің 188-бабы 2-тарауы 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, іс сотқа жолданған. Күдіктілер бұл жаза бойынша 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Фото: 24.kz