Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері экстремизм мен терроризмге қатысты 8 тұлға бас бостандығынан айырылған, деп жазады Қазақстан ҰТА.
Ал, сыбайлас жемқорлық фактісімен 13 тұлға жазаға кесілген. Бұл туралы облыстық прокуратура өкілдері мәлімдеді.
Бес айда 13 тұлғаға 11 қылмыстық іс қозғалған. Істі болғандардың 5-і құқық қорғау органдарының қызметкері, 2-і білім саласының өкілі, біреуі әкімдік қызметкері және 5-уі аудандық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілер.
Олар пара алған және өз қызметін асыра пайдаланған.
Ардақ Мұратқызы
Фото: news.pn