Павлодар ауданында қазаншұңқырда шомылған 12 жастағы бала суға батып кетті

Оның денесін судан жергілікті тұрғындар сағат 17.46-да алып шыққан.
Павлодар ауданы Рождественка ауылында қазаншұңқырға түскен 12 жастағы бала аяқ астынан ажал құшты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, жеткіншек тыйым салынған жерде суда шомылған.

- Кезекшілік бөліміне оқыс оқиға туралы хабарлама 21-мамыр күні сағат 14.50-де түскен. Өкінішке орай, бала оқиға орнында көз жұмған.

Оның денесін судан жергілікті тұрғындар сағат 17.46-да алып шыққан, - деді департаментте.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: Рavlodarnews.kz
Следите за новостями zakon.kz в: