Алматыда халық көп шоғырланған орындар лаңкестік шабуылдың алдын алуға қауқарсыз

Көбінің қарапайым дабыл қаққыштары мен бенебақылау камералары істен шыққан.
Қаладағы 500-ге жуық нысанды тексерген құзырлы орындар оның тек 48-і ғана қауіпсіздік талаптарына сай екенін анықтаған6 деп жазады КТК телеарнасы.
Кәсіпкерлердің басым бөлігі лаңкестіктің алдын алуға қатысты әрекет жасамайтын көрінеді. Көпшілігінің қарапайым дабыл қаққыштары мен бенебақылау камералары істен шыққан. Пайданы қуып, халықтың қауіпсіздігін екінші орынға қойған 13 нысанның басшысына 7 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Жақын уақытта жағдайды қалыпқа келтірмесе қалған нысан басшыларына да жаза қолданылмақ. Жазда сойқан болған Ақтөбе өңірінде де жағдай мәз емес. Ол жерде де лаңкестік шабуылдың алдын алуға немқұрайлы қараған 13 нысанның басшысы әкімшілік жазаға тартылды.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

-Бұл біріншіден азаматтардың өмірлері мен денсаулықтарының қауіпсіздігін сақтау мақсатында жүргізіліп жатқан шара. Екіншіден барлық мекеме басшылары бірінші кезекте сақтық шараларын таныту керек. Соларды қайта қайта естеріне салып отыруыз керек.

Фото: КТК
Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: