Шығыс Қазақстан облысында денсаулық сақтау мәселесі бойынша қоғамдық кеңес жұмыс тобының отырысы өтіп, онда ерте жүктілік мәселесі қозғалды. Бұл туралы stan.kz, Өскемен Жаңалықтары жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.
Жиында өңірлік білім басқармасының өкілдері де сөз алды.
“2014 жылдан бері ШҚО-да кәмелетке толмағандардың босануына байланысты 26 жағдай тіркелген. Олардың 25-і ауқатты отбасында өскендер. Бақытқа орай, барлық қыздар перзентханадан сәбилерімен бірге шықты, тек бір қыз ғана баладан бас тартты”, – дейді білім басқармасы тәрбие бөлімінің жетекшісі Салтанат Құмарбаева.
Ведомства жас аналардың білімдерін кешкі мектепте жалғастырып жатқандарын да айтты.
“Біздің ойымызша ерте жүкті болып қалудың бір себебі – ата-аналардағы жауапкершіліктің аздығы. Оқушылардың да ақыл-ой деңгейін көтеру керек. Бұл үшін қазіргі таңда арнайы курс жасақталып жатыр”, – деді Құмарбаева.
Фото: stan.kz