Ақтөбеде әйелінің ауруханада жатқан кезін пайдаланып, 12 жастағы қызына тиіскен ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп жазады stan.kz.
16 мамыр күні сот 46 жастағы азаматты 7 жылға бас бостандығынан және өмірінің соңына дейін балалармен жұмыс істеу құқығынан айырды.
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам Қылмыстық кодекстің 124 бабы 2 бөлімі бойынша жауапқа тартылған.
Ер адам 2014-2016 жылдар аралығында өзінің туған қызына бірнеше рет азғындық әрекет жасаған. Оқиға алғаш рет болған кезде қыздың жасы 12-де болыпты. Ер адам бұл уақыттарда әйелінің ауруханада жатқан кезін пайдаланған.
Фото: stan.kz